Бокстан әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер шығады?

Бокстан әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер шығады?

ашық дереккөзі

Ташкентте 1 мамыр алауы тұтанатын бокстан әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады. Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар: 48 келі - Санжар Тәшкенбай 51 келі - Сәкен Бибосынов 54 келі - Махмұд Сабырхан 57 келі - Серік Теміржанов 60 келі - Талғат Сырымбетов 63,5 келі - Санатәлі Төлтаев 67 келі - Дулат Бекбауов 71 келі - Асланбек Шымбергенов 75 келі - Нұрқанат Райыс 80 келі - Нұрбек Оралбай 86 келі - Сағындық Тоғамбай 92 келі - Айбек Оралбай + 92 келі - Қамшыбек Қонқабаев

Loading...