Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейдің құрамына қосу керек деп әлеуметтік желіде ұрандатқан ерлі-зайыптылар бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Петропавл қаласы тұрғындарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған.
Сот материалдарынан белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде Қазақстанның тәуелсіздігіне сенімсіздік тудыратын, ұлттық алауыздықты қоздыратын жазбалар жазған. Атап айтатын болсақ, Қазақстанның солтүстік облыстары Ресейге тиесілі екенін, оны қайтару керегін мәлімдеген.
Сотта олар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Дегенмен айыптау тарабы заттай айғақ ретінде күдіктілердің видеоүндеуі жазылған видеоматериалды көрсеткен.