Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың аяғында Қазақстанда 1 миллионнан астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болды (бұл дегеніміз орташа есеппен – 43 566 теңге).
Табысы төмен отбасылар санының артып келе жатқаны елдегі әлеуметтік ахуалдың жақсы емес екенін көрсетеді – Қазақстанда 2022 жылдың соңғы тоқсанында кедей азаматтардың саны 986 587 адамды құрады.
Кедейлік шегінен төмен табысы бар қазақтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады – 205,3 мың адам. Одан кейін Алматы – 103,3 мың адам және Шымкент – 78,6 мың адам.
Ең аз табысы бар тұрғындардың ең азы Астанада – 25,2 мың адам, Атырау облысында – 22,9 мың және Ұлытауда – 5 мың адам тұрады.
Бұған дейін Қазақстан халқы табысының 50 пайыздан астамын азық-түлікке жұмсайтын елдердің қатарында болған.