Тәжікстан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, тәжік тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми басқарады. Саяси консультациялардың басты тақырыбы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылау болмақ, - деді Смадияров.