logo
search
menu

Ораза ұстаған 39 адам қайтыс болды

Ораза ұстаған 39 адам қайтыс болды
25 сәуір, 2023
Ораза ұстаған 39 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті анықталды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті дін қызметкері итермелеген, деп хабарлайды taulik.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметінше, полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды тапқан. Алайда олардың 4-і қайтыс болған. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады. Дін атын жамылып, адамдарды зорлықпен ораза ұстауға итермелеген азамат қамауға алынды. Ол мәйіттерді шіркеу аумағына көмген. Дін қызметкері қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған.
    «Біз адамдардың өзін-өзі өлтіруіне жол бермейміз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін». – деді адам құқығын қорғауға атсалысатын белсенді Халид Хусейн.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы