logo
search
menu

Бүгін 33 градусқа дейін күн ысиды

Бүгін 33 градусқа дейін күн ысиды
25 сәуір, 2023
Бүгін 33 градусқа дейін күн ысиды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады Taulik.kz. Алдағы 3 күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстік аймақтарда да жаңбыр күтіледі. 25-26 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Сонымен қатар метеорологтар 25-26 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында да қатты жауын-шашын болады деп болжады. Еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұдан бөлек, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз бұршақ күтіледі дейді мамандар. Ауа температурасы бойынша күндіз батыс өңірлерде +23…+30 градусқа дейін ыстық, солтүстік-батыс, солтүстік және еліміздің орталығында +20…+27 градус ыстық болады деп болжануда. Ал еліміздің шығысында ауа температурасы +15…+23 градус жылы болса, оңтүстікте сынап бағанасы +25…+33 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +17 градустан +25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы