logo
search
menu

Құны 1 млрд теңгеден асатын кәсіпорын мемлекетке қайтарылды

Құны 1 млрд теңгеден асатын кәсіпорын мемлекетке қайтарылды
25 сәуір, 2023
Құны 1 млрд теңгеден асатын кәсіпорын мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына  берілген, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
    Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.
    “Атап айтқанда, комбинат арнайы техниканың жеткілікті санымен қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған. Апелляциялық саты жоғарыда аталған сот шешімін өзгеріссіз қалдырды”, – деп мәлім етті прокуратура.
    Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы