Мәзір
25 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Шілдеден бастап аптасына төрт күн ғана жұмыс істейміз бе? – Министр жауап берді

Шілдеден бастап аптасына төрт күн ғана жұмыс істейміз бе? – Министр жауап берді

Шілдеден бастап аптасына төрт күн ғана жұмыс істейміз бе? – Министр жауап берді Шілдеден бастап аптасына төрт күн ғана жұмыс істейміз бе? – Министр жауап берді
ашық дереккөзі
1 шілдеден бастап Еңбек кодексіне өзгертулер енгізіледі. Бұл орайда жұмыс аптасына қатысты да өзгерістер болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство өкілінің айтуынша, қызметкер жұмыс берушімен келісе отырып, жұмыс күндерін бекітеді.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қосымша өзгертулер енгізіледі. Бұл өзгертулер аясында төрт күндік жұмыс аптасын бекітуге мүмкіндік болады. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс берушіңізбен келісіп, келесі аптада төрт күндік жұмыс аптасын бекітуге болады. Бұл дегеніміз осы апта бес күн, келесі апта төрт күн, арға апта алты күн жұмыс кестесін бекітуге болады. Яғни өзіңізге қажет кезде төрт күндік жұмыс аптасына өтесіз. Қосымша үш күн берілетін демалыста жұмыскер өзіне, отбасына, денсаулығына, жалпы қажет мақсатына қолдануы үшін бұл өзгертулер енгізіліп жатыр. Бұл тәжірибе басқа да мемлекеттерде кең қолданылады", - дейді ведомство өкілі.
Сондай-ақ төрт күндік жұмыс аптасына көшкен жағдайда еңбек демалысы мен жалақыға қатысты өзгерістер болмайтыны айтылды.
"Бұл өзгертулер Қазақстанда жалпы төрт күндік жұмыс күні орнайды дегенді білдірмейді. Бұл оңтайлы жұмыс режимін барлығы қолдана алады. Мемлекеттік қызметте, жеке кәсіпте, мемлекеттік мекемеде жұмыс істесеңіз де. Төрт күндік жұмыс аптасы кезінде еңбек демалысыңыз, жалақыңыз барлығы сақталады. Ешқандай өзгеріс болмайды", - дейді баспасөз хатшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасына өтуге болатыны хабарланған еді.

Апта талқысында: