Головкин мен Канело жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Головкин мен Канело жекпе-жегін қайдан көруге болады?

ашық дереккөзі

DAZN стримингтік платформасы 17 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтетін бокс кешінің ақылы трансляциясының құны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоудың негізгі оқиғасы DAZN тұрақты жүйесінде емес, PPV жүйесінде көрсетіледі. Осылайша АҚШ-та хабар тарату құны жаңа пайдаланушылар үшін $84,99 және белсенді жазылушылар үшін $64,99 болады. Британиялық көрермендер трилогияның финалын көру үшін £17,98 төлеуі тиіс.

Бұл ретте андеркартты Қазақстан, Мексика және Латын Америкасынан басқа аумақтардағы тұрақты абоненттер де пайдалана алады.

Loading...