Мәзір
25 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Әлихан Смайылов өңір әкімдерін сынға алды

Әлихан Смайылов өңір әкімдерін сынға алды

Әлихан Смайылов өңір әкімдерін сынға алды Әлихан Смайылов өңір әкімдерін сынға алды
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов қымбатшылықты тежей алмай отырған әкімдерге шүйлікті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біздің негізгі мақсатымыз – жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету. Сондықтан мемлекеттік органның әрбір жауапты басшысы кешенді жоспардың іс-шараларын сапалы орындауға бар күш-жігерін салуы тиіс. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Дегенмен, азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр», - деді Әлихан Смайылов  Үкімет отырысында.
Үкімет басшысының дерегінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға өскен. Оның ішінде Ақтөбеде, Өскеменде, Семейде, Қызылордада 0,2 пайыздан жоғары болды.
«Өңір әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуі қажет. Әсіресе үстеме бағаның тиісті 15 пайыздық мөлшерден асып кетпеуін қадағалау керек. Әкімдіктерде бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біз ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға күш салуымыз қажет. Сонымен қатар тауарларды сақтау және тасымалдау ісіне қолдау көрсетуге тиіспіз. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көруі керек», - деді премьер.
Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.
“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Сенат депутаты Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының негізсіз шарықтауына жол беріп отырған шенділерді сынға алды. Күні кеше Үкімет басшысы Смайылов наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулағанын айтып мақтанды. Өкініштісі, Үкімет мүшелерінің баға төмендеп жатқаны жайлы әдемі есептеріне шындықтан алшақ болып тұр.  Елде азық-түліктің көп түрі қымбаттап келеді. Мәселен, өткен айда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдеріне өндірушілер бағасы біршама өсті.

Апта талқысында: