logo
search
menu

Қостанайда колонияға телефон өткізбек болған күдіктілер анықталды

Қостанайда колонияға телефон өткізбек болған күдіктілер анықталды
25 сәуір, 2023
Қостанайда колонияға телефон өткізбек болған күдіктілер анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қостанайда колония аумағына телефон өткізбек болған күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап. Бейнежазбадан машинаның мекемеге қалай келгенін және күдіктінің белгілі бір затты колония аумағына қалай қалдырып кеткенін көруге болады. Скотчпен оралған қара түйіншекте екі телефон болған. Зат табылған жерге қаланың Солтүстік ПБ тергеу-жедел тобы шақырылды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері облыс ПД қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды жөнелтуге қатысы бар адамдарды анықтады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы