Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкентте өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызға жеке қаражатынан 100 мың доллардан бермек, деп жазады taulik.kz федерацияға сілтеме жасап.
«Бокс – еліміздегі ең танымал әрі ең нәтижелі спорт түрі. Сондықтан Ташкенттегі әлем чемпионаты жанкүйерлердің ерекше назарында болары анық. Қазақстан бокс федерациясы, бапкерлер және спортшылардың өздері алдағы додаға тиянақты дайындалу үшін бар күш-жігерін жұмсады.
Жігіттермізді ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатым есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ долларынан қарастырылған.
Боксшыларға айтар басты тілегім – есімдеріңізді тарихта қалдырыңыздар. Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болатынын ұмытпаңыздар!», - деді ол.