logo
search
menu

Қазақстан Мәскеудегі әскери шеруге қатыса ма?

Қазақстан Мәскеудегі әскери шеруге қатыса ма?
25 сәуір, 2023
Қазақстан Мәскеудегі әскери шеруге қатыса ма?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бұл сұраққа ҚР Қарулы күштері бас штабы жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары Дәурен Абдуллин жауап берді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Баспасөз мәслихатында тілшілер бас штаб өкілінен «Қазақстанда 9 мамырға орай әскери шеру өтпейтіні белгілі болды. Бұл Қазақстан Ресей астанасында өтетін дәстүрлі парадқа қатыспайды дегенді білдіре ме?» деп сұрады.
    «Қорғаныс министрлігі үнемдеуге байланысты аталған шараға шығындайтын бюджет қаражатын әскердің жауынгерлік дайындығы мен ұтқырлығын арттыруға бағыттайды. Мәскеудегі парадқа қатысу мәселесіне келсек, қазіргі таңда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының әріптестігінің күн тәртібінде ондай мәселе тұрған жоқ», - деп жауап берді Дәурен Абдуллин.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы