Мәзір
25 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалып кеткен 69 адамды тапқан

Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалып кеткен 69 адамды тапқан

Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалып кеткен 69 адамды тапқан Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалып кеткен 69 адамды тапқан
ашық дереккөзі
Алматыда волонтерлер із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге белсенді түрде қатысып келеді. Жыл басынан 30 адамнан тұратын ерікті жасақ 69 адамды тауып, құтқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Брифинг барысында қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек пен Алматы қаласы бойынша волонтерлер фронт-офисі QAMQOR CHARITY қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Анарбаева волонтерлік қозғалыстар қандай жобаны жүзеге асырып жатқанын баяндап берді. Әзиз Қажденбектің сөзінше, мегаполисте 30 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Оған 50 мыңнан астам адам тартылған.
«Біздің қалада Depo Evolution Park орталығы бар. Бұл – жастардың жиналатын жері. Волонтерлік кеңсеміз осы орталықта орналасқан. Волонтерлік фронт-офистің басты мақсаты – түрлі ұйымдарды біріктіріп, жобаларды бірлесе жүзеге асыру», – деді ол.
Фронт-офис волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға кеңес беру және қолдау көрсету қызметін атқарады, оның жұмысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.
«Фронт-офистің жұмысы жастардың қаланың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, спорттық өміріне белсене қатысуын арттыруға бағытталған, волонтерлік қызметке тартылған азаматтардың үлесін арттыруға, олардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тетіктерін жетілдіруге бағытталған, мемлекеттік мекемелер мен азаматтарды халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қатысуға тарту», – деді Бағдат Анарбаева.
Сонымен қатар қалалық еріктілер түрлі жобаларды ұйымдастырып, өткізеді. Мәселен, «Narkostop» жобасы аясында алматылық жастар тыйым салынған заттардың жарнамасын бояу бойынша тұрақты жұмыс жүргізді. Бұл акциялар мегаполистің үлкен аумақтарында өткізіледі.
«Еріктілер із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге белсенді түрде қатысуда. Жыл басынан 30 адамнан тұратын ерікті жасақ 69 адамды тауып, құтқарды», - дейді спикер.
Бұдан бөлек еріктілер қарт адамдарға көмектесу үшін күш біріктіреді. Жалғызбасты зейнеткерлердің бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастыру мақсатында апта сайын «Кеңестік кино кеші» өтеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері волонтерлер назарынан тыс қалмаған. «Сабақтастық» бағыты аясында 27 іс-шара өтті. Оның ішінде түрлі шеберлік сыныптары мен кәсіптік бағдар беру, құстарға жем салатын жәшік жасау, қолөнер және мәнерлеп сырғанау, «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен VR орталығына саяхат, «Балалар ауылы», «SOS», «Жастар үйі» және тағы басқалары. Аталған шараларға 80-нен астам ерікті мен 200 бала қатысты. Қала еріктілері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарын да белсенді ұйымдастырды. Олар 51,5 тоннадан астам жүк жинап, жөнелтті. Осы жылдың наурыз айында «Мен жауапты донормын» атты қан тапсыру науқаны ұйымдастырылды. Қан тапсыруды ұйымдастырудағы басты мақсат – зардап шеккендер мен қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Акцияға Алматы қаласының жастары, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, журналистер мен қоғам белсенділері қатысты.
«Жастар саясаты басқармасы еріктілермен бірлесіп, «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба жастарды жазғы уақытта жұмыспен қамту, бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында жоспарға енгізілді. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бекіткен жастарды қолдаудың жол картасына сәйкес, 10 мың қала жастарын жұмыспен қамту қарастырылуда», - деді қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек.

Апта талқысында: