logo
search
menu

Танымал спортшы жол апатынан қаза болды

Танымал спортшы жол апатынан қаза болды
25 сәуір, 2023
Танымал спортшы жол апатынан қаза болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Босния және Герцеговина құрамасының хоккейшісі Амон Ракич жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz Айқынға сілтеме жасап.

    Оқиға жексенбі күні Хаджичи (Босния және Герцеговина) аймағының маңында болған.

    23 жастағы Ракич тізгіндеген мотоцикл екі көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан хоккейші оқиға орнында көз жұмды.

    "Құрметті біздің Амон, біз сені толық танып білгенімізге, киім ауыстыратын шкаф пен орынды бөліскенімізге, бір жейде киіп, бір әнұранды тыңдағанымызға алғыс айтамыз. Әрқашанда жадымызда боласың. Сенің хоккейші достарың", - делінген Босния мен Герцеговина хоккей федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Айта кетейік, Ракич Босния және Герцеговина құрамасының сапында тоғыз матч өткізіп, екі гол соққан.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы