Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды тірілтіп алды
«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.