logo
search
menu

Оралда жарылыс болған жерден 3 адамның мәйіті табылды

Оралда жарылыс болған жерден 3 адамның мәйіті табылды
26 сәуір, 2023
Оралда жарылыс болған жерден 3 адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Орал қаласында өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды taulik.kz БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, оқиға 25 сәуір күні кешкісін болған.
    «Сағат 20.58-де А.Құсайынов көшесі 3-мекенжайында аумағы 30 шаршы метр гараж бен оның ішіндегі «ВАЗ-2121» (Нива) автокөлігі отқа оранды. Содан кейін жалын жеке тұрғын үйдің (42 шаршы метр) төбесін шарпыды. Гараждан үш адамның денесі табылды. Сондай-ақ әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр 4 оттегі баллоны шығарылды. «Тілсіз жау» сағат 21.32-де оқшауланып, 22.02-де ауыздықталды. Барлығы 23 адам (7 техника) жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің себебі, келтірілген шығын, қайтқан адамдардың кім екендігі анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.
    Оқиға орнында 20 полиция қызметкері жұмыс істеді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы