logo
search
menu

Алматыда қонақүйлердің бірінен өзбекстандық әйелдің денесі табылды

Алматыда қонақүйлердің бірінен өзбекстандық әйелдің денесі табылды
26 сәуір, 2023
Алматыда қонақүйлердің бірінен өзбекстандық әйелдің денесі табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы облысындағы Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен.

    "Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам  ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы