logo
search
menu

Екібастұзда пакеттен адамның денесі табылды

Екібастұзда пакеттен адамның денесі табылды
26 сәуір, 2023
Екібастұзда пакеттен адамның денесі табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды taulik.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 24 сәуірде Екібастұзда Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіреберісте полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды. ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД өкілдері адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

    "Адамның үстінде Adidas фирмасының, "Челси" футбол командасының эмблемасы бар көк түсті футболка, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорт шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше", - делінген хабарламада

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы