28 сəуірде Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді. «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы форум аясында (əрі қарай – QAZAQFORUM) қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланады, деп жазады Taulik.kz. Сонымен қатар қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар ортаға салады. Іс-шара халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды. Форум ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйлейді. Жиын барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Монетизация. Неге бəрі мұз?», «Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» жəне «Танымдық контенттің əлеуеті». Сондай-ақ «Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тəсілдері» тақырыбында мастер-клаcстар ұйымдастырылады. QAZFORUM ұйымдастырушылары: АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, «Business Event&Rent» агенттігі.
Loading...