«Бүгінде елордада 507 мектепке дейінгі ұйымда 67 730 бала тәрбие алып жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 жасқа дейінгі балалардың табиғи өсімі 23 448 және көші-қон есебі бойынша 3 115 баланы құрады. Қазір 23 746 елордалық бала балабақша кезегінде тұр. Халық санының өсуіне байланысты балабақшаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Күн сайын балабақша кезегіне 90-100 өтініш беріліп, кезекке тұрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша балалардың 80 пайызы балабақшамен қамтылды», - деді Қасымхан Сенғазыев елорда мәслихатының отырысында.Қазақпарат жазуынша, Қасымхан Сенғазыев балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытындағы жұмыс жалғасын табатынын айтқан.
«Биыл қаңтар мен сәуір айы аралығында 200 жекеменшік балабақшаға 8 957 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Жылдың екінші жартысында қалған 870 орынға конкурс жарияланып, мемлекеттік тапсырыс орындалады», - дейді ол.