Елімізде кімдердің несиесі кешірілуі мүмкін?

Елімізде кімдердің несиесі кешірілуі мүмкін?

ашық дереккөзі

Алаяқтарға алданғандардың несиесі кешірілуі мүмкін, деп хабарлайды taulik.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Мұндай дерек сот арқылы дәлелденсе, яғни несиені сіздің атыңыздан бәз-біреудің алғанын сотта дәлелдей алсаңыз, онда сізден жауапкершілік алынады. Тиісті құжат әзірленіп жатыр, әрі жақында Парламентке ұсынылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жерде борышкердің еш кінәсі болмаса, онда алаяқтыққа жол берген қаржы ұйымының ақпараттық жүйесінде кінәрат бар деген сөз. Мәдина Әбілқасымова ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті жұмысты қолға алып отырмыз. Ол жерде алаяқтық операциялардың барлық түрлері, банктердің ақпараттық жүйелеріне, мобильді қосымшаларға қойылатын талаптар нақты жазылады. Оны сақтамаған қаржы ұйымдарына тиісті шара қолданылады.

Loading...