logo
search
menu

Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшы қайтыс болды

Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшы қайтыс болды
26 сәуір, 2023
Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшы қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып мерт болды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 сәуірде Зеренді ауданында болған.
    «Аудандық ішкі істер бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінде көкшетаулық 55 жастағы тұрғынын электр тоғы соғып, оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Ер адам жергілікті қосалқы станцияда жұмыс істеген», - делінген ПД хабарамасында.
    Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
    «Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы