Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
26 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

1,5 млрд теңгені қалтасына басқан қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

1,5 млрд теңгені қалтасына басқан қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

1,5 млрд теңгені қалтасына басқан қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылордада тұрғындарды алдап, бір жарым миллиард теңгені қалтасына басып келген қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 1259 адамды алдаған қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы сотталды. Олар ақша тартудың алаяқтық схемасын Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент және басқа да қалаларда ұйымдастырған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы С. мен оның сыбайластары П., Н., А. 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың ақпанына дейінгі аралықта экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Қызылорда қаласында "Выгодный Займ" ЖШС және "Гарант 24 ломбард" ЖШС филиалдары тұрғындардан ақша тартуға бағытталған заңсыз қызмет көрсеткен", - делінген хабарламада.
Сотталғандар қылмыстық әрекеттерімен 1259 жәбірленушіге 1 561 218 377 теңге мүліктік залал келтірген.
"Істі қарау барысында мүліктік залалды өндіру туралы талап арыздан бас тартып, қараусыз қалдыруды сұраған жәбірленушілер болды. Сотта сотталушылар айыптау актісі мен талапты мойындамайтынын көрсетті. Қ. Сотталушылар іс құжаттарындағы айғақтармен, сараптама қорытындысымен және жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен расталды", - деді соттың баспасөз қызметі.
Іс бойынша төрт айыпталушының барлығы кінәлі деп танылды - олар 7 жылдан 8 жылға дейін түрмеге қамалды.