Украина саясаткері Алексей Гончаренко өз сөзінде Қазақстан Ресей насихатынан зардап шегіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл ел қазірдің өзінде ресейлік гибридтік шабуылға ұшырап жатыр. Ресей басып кірген менің елім Украинамен болған жағдайдың алдын алу үшін, бүгін жай ғана бұл туралы айтуымыз керек, қазақтарға көмектесуіміз керек. Күн сайын ресейлік насихат Қазақстанды, әсіресе оның солтүстік бөлігі Ресейдің бір бөлігі, ондағы (РФ билігі) «орыс тілді халықты қорғау керек» деп әңгіме таратып жатыр», - деді ол.
Гончаренконың айтуынша, ол Ресей Федерациясының басқыншылық саясатынан басқа елдің зардап шеккенін қаламайды. Қазақстанды ол "еуропалық мемлекет" деп атайды.
«Қазақстанның болашағы – оны қоршап тұрған империялардың құрбаны болу емес, Еуропа Кеңесіне мүше болу, еркін әлемге қосылу, біздің қоғамға қосылу деп білемін. Алға, Қазақстан», - деп түйіндеді Гончаренко.