logo
search
menu

Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда тағы жер сілкінді
27 сәуір, 2023
Алматыда тағы жер сілкінді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    26 сәуір күні сағат 23:23-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 292 шақырым жерде Қырғызстан аумағында магнитудасы MPV 4,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Taulik.kz .

    «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС мәліметі бойынша жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8. 

    • Эпицентр координаттары 41,57° солтүстік 74,14° шығыс
    • Тереңдігі 15 км.
    • Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ

    Ulysmedia.kz жазуынша, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі  жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап  , алматылықтар әкім Досаевқа  көпқабатты үйлерден құтылуды ұсынған болатын.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы