12 жастағы қазақ қызы Испаниядағы “Балалар дауысы” шоуында қазыларды таң қалдырды, деп жазады Taulik.kz.
12 жастағы қазақстандық Жанель Әли Кристина Агилераның "Hurt" композициясын орындап, Испаниядағы ("Балалар дауысы") бағдарламасының көрмей таңдау кезеңінен өтті.
La Voz Kids - испан телеарнасында шығатын вокалды телешоу. Голландиялық The Voice Kids бейімделген танымал нұсқасы.
Бірінші кезеңде қатысушылар "көрмей таңдау" кезеңінен өтуі керек: тәлімгерлер қатысушыларды көрмейді, сахнаға теріс қарап отырады, тек оларды дауысы арқылы таңдайды.
Жанель ән айтқанда оның дауысына тәнті болған үш тәлімгер бұрылған. Осы маусымда вокалдық тәлімгерлер Айтана (Aitana), Росарио Флорес (Rosario Flores), Себастьян Ятра (Sebastián Yatra), Давид Бисбаль (David Bisbal) болды. Қазақ қызы тәлімгер ретінде белгілі әртіс Росарио Флорестің таңдады.
YouTube-тағы қазақ қызының өнері 122 мыңнан астам рет қаралым жинаған, бейненің астына пікір жазу функциясы өшірілген.