logo
search
menu

Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы анықталды

Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы анықталды
27 сәуір, 2023
Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74,44 жасқа жетті, деп  хабарлайды taulik.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
    Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,44 жасқа жетті.
    «Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді», - дейді ведомстводағылар.
    Министрліктің айтуынша, республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді. Жер бетінде ең ұзақ өмір сүретіндер жапондар екен. Олардың өмір сүру ұзақтығы орташа 82 жас. Екінші орында Қытай, үшінші орында Швейцария халқы тұр. Бұл көрсеткіштер CIA World Factbook кітабы мен БҰҰ жасаған World Population Prospects тізімінен алынған. БҰҰ жасаған 2005-2010 жылғы тізім бойынша Қазақстан ұзақ өмір сүру жағынан 194 мемлекеттің ішінде 128-ші орында тұрақтаған. Ол кездегі қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас болған. Айта кетейік, БҰҰ тізімге халық саны 100000 асатын елдерді ғана кіргізген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы