Қызылордада далалық жерден адам қаңқасы табылды

Қызылордада далалық жерден адам қаңқасы табылды

ашық дереккөзі

Қызылорда облысының полицейлері жазық даладан табылған адам қаңқасын сараптамаға жіберді, деп хабарлайды taulik.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша «001» (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін», – делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етуге жатпайды.

Loading...