logo
search
menu

Аймағамбетов министр кезінде шенеуніктер өзінен не сұрағанын айтты

Аймағамбетов министр кезінде шенеуніктер өзінен не сұрағанын айтты
27 сәуір, 2023
Аймағамбетов министр кезінде шенеуніктер өзінен не сұрағанын айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ересектерге арналған қазақ тілі курстарын көбейту қажет екенін алға тартты. Депутаттың айтуынша, осы кезеңге дейін қызметте жүргенде айналадағы әріптестері өзінен қазақ тілін жақсы оқытатын тәжірибелі маман ұсынуын сұрап келгенін айтты, деп хабарлайды taulik.kz.

    Экс-министр қазақ тілін үйрену, әсіресе басшылықта жүргендер үшін үлкен маңызға ие болғанын жеткізді.

    "Мемлекеттік тілді түсініп, үйреніп жүргендер, сөйлеуге тырысатын басшылар саны күннен-күнге артуда. Мен облыста басқарма басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптестерім менен көмек сұрайтын. Министр болып жұмыс істеген кезімде де көптеген шенді қазақ тілін үйрететін жақсы мұғалім ұсынуымды өтінген кездері болды", – деді Аймағамбетов.

    “Қазір мемлекеттік қызметкерлер қазақша оқуды үрдіске айналдырып, басқарушылық тиімділігін сезінгені дұрыс", – деп түсіндірді депутат.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы