logo
search
menu

Алматыдағы үйден қару-жарақ арсеналы табылды – ҚР ІІМ

Алматыдағы үйден қару-жарақ арсеналы табылды – ҚР ІІМ
28 сәуір, 2023
Алматыдағы үйден қару-жарақ арсеналы табылды – ҚР ІІМ
ашық дереккөзі

Мазмұны

    1995 жылы туған ер адам атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    «Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, екі винтовка, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық патрондар табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша, бұл қару қылмыстық жолмен алынуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар азамат А.-ның да қару қолданып бұзақылық жасады деген күдікке ілінгені анықталды», - делінген хабарламада.
    Жағдайлар белгіленген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы