logo
search
menu

Бердібек Сапарбаевқа жаңа атақ берілді

Бердібек Сапарбаевқа жаңа атақ берілді
28 сәуір, 2023
Бердібек Сапарбаевқа жаңа атақ берілді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды,  деп хабарлайды Taulik.kz. Massaget.kz жазуынша, бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Бердібек Сапарбаевқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдаған.
    "Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді бекітті", - делінген әкімдік хабарламасында.
    Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған. Биыл қаңтарда Сапарбаев QazBioPharm ұлттық холдингінің тәуелсіз директоры болды. Ол өзінің Instagram-парақшасында жаңа жұмыс орны туралы хабарлады. 70 жастағы Бердібек Сапарбаев әр жылдары Президент әкімшілігінде, Үкіметте жұмыс істеген, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болған. Сондай-ақ, Кедендік бақылау агенттігін басқарды, қаржы вице министрі - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы - Мәжілістегі Үкімет өкілі болып жұмыс істеді. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Бердібек Сапарбаев екі рет премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы