3 жасар егіздер уланып қайтыс болды
"Отбасы әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар ретінде тіркелмеген. Алайда соған қарамастан анасы үш жасар екі кішкентай баласын үйде жалғыз тастап кеткен. Оның үстіне әйел электр жылытқышты қосып қалдырған. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп соңы өртке ұласқан. Өкінішке орай, небәрі 5 шаршы метр аумақтағы өрттің салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды", - деді Юрий Ильин.Министр ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін баса айтты.