Алматы облысының мал дәрігерлері жалақының кешігуіне шағымданды. Себебі олардың жалақысы жыл басынан бері төленбеген, деп хабарлайды Taulik.kz.
Orda.kz жазуынша, Жамбыл облысының мамандары жыл басынан бері жалақының жоқтығына шағымданған. Кейін Алматы облысының ветеринария басқармасы бұл ақпаратты растады. Белгілі болғандай, бұған заңдағы өзгеріс себеп болған.
«2023 жылға дейін жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша қызметтерді көрсету үшін облыстық ветеринария басқармасы мен аудандық, қалалық ветеринариялық бекеттер арасында бір көзден тікелей қорытынды жасау арқылы келісім-шарттар жасалды. Алайда 2022 жылғы 5 наурызда заңның монополияға қарсы органның ұқсас қызметтерді көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік орган қызметтерді сатып ала алады деген тармағына өзгеріс енгізілді», - деп хабарлады ветеринария басқармасы.
Бүгінгі таңда тиісті департамент Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне қорытынды беру туралы хат жолдап үлгерді. Оң шешім шыққан соң ветеринарлық пункттермен келісім-шарт жасалып, еңбекақы төленетін болады. Басшылық мамандар ақшаны 3 наурызға дейін алады деп уәде берді.