Хоккейшілер бір маусымда қанша жалақы алады?

Хоккейшілер бір маусымда қанша жалақы алады?

ашық дереккөзі

Сәтсіз өткен маусым үшін елордалық «Барыс» хоккей клубының ойыншылары жалпы сомасы 2,5 млрд теңге жалақы алды. Желіде «Барыс» хоккей клубы ойыншыларының жалақысы туралы ақпарат пайда болды. Елордалық клуб хоккейшілердің маусымдағы жалақысына шамамен 2,5 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Taulik.kz Sport Express басылымына сілтеме жасап. Бұл ретте «Барыстың» ҚХЛ тұрақты маусымында сәтсіздікке ұшырап, плей-офф кезеңіне шыға алмағанын айта кеткен жөн. Команда тарихта алғаш рет 68 ойында 61 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесін соңғы орынмен аяқтады. Ең жоғары келісім-шарттар екі команданың көшбасшыларымен – канадалық Линден Вей мен қазақстандық Никита Михайлиспен жасалған, олардың әрқайсысы бір маусымда 278,5 миллион теңге (50 миллион рубль) табыс тапқан. Үздік бестікке сондай-ақ үш канадалық кіреді: 250 миллион теңгеден (45 миллион рубль) астам табыс тапқан қорғаушы Алекс Грант, шабуылшы Майкл Чапу – шамамен 145 миллион теңге (26 миллион рубль) және қорғаушы Крис Биргас – шамамен 140 миллион теңге (25 миллион рубль). Жалпы, елордалық клуб ойыншылардың маусымдағы жалақысына шамамен 2,5 миллиард теңге (441 миллион рубль немесе 5,4 миллион доллар) жұмсады. «Барыс» президенті Борис Иванищев елордалық клуб хоккейшілерінің жалақысы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Хоккейшілердің жалақысына қаражат бюджеттен тыс көздерден бөлінеді. Мемлекеттік бюджетке ешқандай салмақ түспейді. Сондай-ақ Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының басшылығы клубқа қомақты демеушілік қаражат тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Хоккейшілердің жалақысын басқа ҚХЛ клубтарының жалақысы тұрғысынан қараса, онда төлемдер халықаралық тәжірибе мен нарық сұранысына сәйкес келеді», – деді Борис Иванищев.
Еске салайық, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және мұрағат ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 22 пайызға өсті. Бұл туралы бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Loading...