logo
search
menu

16 жасар қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатында топ жарды

16 жасар қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатында топ жарды
29 сәуір, 2023
16 жасар қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатында топ жарды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Парадзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті. Екінші жарыс күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстан парадзюдо федерациясыныңмәліметінше, ол көзі мүлдем көрмейтін спортшылар санатында (J1) белдесті. Айналмалы жүйе бойынша күрескен ол чемпиондық атаққа дейін Дилорам Диханова (Қазақстан) мен Хосиотхан Позильжонованы (Өзбекстан) жеңді. Айта кетерлігі, 16 жасар Альфия үшін бұл - алғашқы Азия чемпионаты. Ол парадзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына биыл қосылған. Парадзюдодан Азия біріншілігі Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Даяна Федосова (-57кг, J2) мен Ерғали Шамей (-73кг, J1) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2) қола медаль еншілеген болатын. Париж паралимпиадасы алдындағы ресми чемпионатта спортшылар J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша бақ сынауда. Құрлықтық дода 30 сәуірге дейін жалғасады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы