Мәзір
29 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Әжетханадан телефонды алмақшы болған 3 адам қайтыс болды

Әжетханадан телефонды алмақшы болған 3 адам қайтыс болды

Әжетханадан телефонды алмақшы болған 3 адам қайтыс болды Әжетханадан телефонды алмақшы болған 3 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Әжетханадағы улы газдар салдарынан Өзбекстанның үш тұрғыны көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы ТЖМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Taulik.kz. kaz.tengrinews.kz жазуынша, оқиға 2018 жылы 26 наурызда сағат 00:15-те болған. "Новости Узбекистана" порталының мәліметі бойынша, 32 жастағы ер адам ауладағы дәретханаға iPhone телефонын түсіріп алған. Ол телефонды алып шықпақ болып, көмекке көршісі мен әкесін шақырған. Ер адам шұңқырға түсіп, есінен танып қалған. Ер адамды алып шығу үшін көршісі мен әкесі де шұңқырға түскен. Екі адам сол жерде мерт болды. Шақырту бойынша келген Наманган облысының ТЖБ тобы ер адам мен көршісінің денесін алып шықты. Ал әкесі ауруханаға жатқызылды. Алайда көмек көрсетілсе де ол адам есін жимастан қайтыс болды. Оқиғаға байланысты Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігі болса азаматтарға ескерту жасады.
"Құрметті азаматтар! Ұқсас жағдай туындаған жағдайда өздігінше құтқару жұмыстарын жүргізбей, ТЖМ көмегіне жүгініңіздер", - деді ТЖМ.

Апта талқысында: