Тауарлық газ бағасы 15% өседі, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес шекті көтерме бағалар орта есеппен 15 %-ға өседі. Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы тұрғындар үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға тұрғындарға арналған шекті көтерме бағалар 15%-ға өскен кезде Қазақстандағы бөлшек сауда бағалар өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды (ҚҚС есептемегенде).
Loading...