Шымкентте бопсалады деген күдікпен 2007 жылдан бері іздеуде жүрген жеті ағайынды Қырықбаевтардың бірі Алмас Қырықбаев ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Журналист біраз уақыт Өксікбаев деген атпен өмір сүрген Алмас Қырықбаевтың Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін айтты.
«Ол Қазақстанға Әмірліктерден тікелей рейспен келген, соңғы жылдары Өксікбаев деген фамилиямен тұрып, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты болып сайланған. Қызық, егер қылмыстары 2006 жылы жасалған болса, оның мерзімі өтіп кетпеді ме?», - деп жазады Козачков.Алмас Қырықбаев - бірнеше ағалы-інілі азаматтардан тұратын бұрыннан белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ «Қырықбаевтар» мүшелерінің бірі. Алмас Қырықбаев 2007 жылдан бері бопсалады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген. Тергеу мәліметінше, ол Тараздағы ЖШС бірінің директорынан 10 мың доллардан астам ақша бопсалаған. 2012 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алмас Қырықбаевтың Дубайда ұсталғанын хабарлады. Ол кейін Қазақстанға экстрадицияланды ма, белгісіз.