Мәзір
30 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда мамырдан бастап не өзгереді?

Қазақстанда мамырдан бастап не өзгереді?

Қазақстанда мамырдан бастап не өзгереді? Қазақстанда мамырдан бастап не өзгереді?
ашық дереккөзі
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр. Taulik.kz тілшісі осы сұраққа жауап іздеді. 1 мамыр мерекесі тойланады Еліміздің Астана және Алматы қалаларында 1 мамыр мерекесі ауқымды түрде тойланады. Астанада мерекеге орай 70-ке жуық іс-шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық төрт ауданда, ашық алаңдарда мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, интерактивтер ұйымдастырылады. Алматы қаласында Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған қалалық концерт Абай алаңында Республика сарайының алдында өтеді. Осыған орай, халқымыздың Бірлік күні қала Татарстан, Өзбекстан және Беларуссиядан келген қонақтарды қарсы алады. Дәл осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағамдары фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үндінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Мерекелік шаралар қаланың басқа аудандарында да өтеді. Биылғы 9 мамырда да әскери шеру өтпейді Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті. Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығына басымдық берілмек. Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні 9 мамыр – Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар мереке күндері төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады. Мемлекет басшысы бірқатар іс-шара өткізеді Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.  Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жүзеге асырады. Бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-министрлік кездесуінде қабылданған қосымша алдын алу шарасы болып саналады. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман мұнай өндіруді ерікті түрде азайтатынын хабарлаған. Халықаралық денсаулық сақтау көрмесі өтеді 2023 жылдың 17 мамыры мен 19 мамыры аралығында Алматыда Халықаралық денсаулық сақтау көрмесі өтеді. 28-ші Қазақстандық халықаралық денсаулық сақтау көрмесі – KIHE Орталық Азиядағы ғылыми-практикалық медицина және фармацевтика саласындағы жетістіктерді көрсететін ең ірі демонстрациялық алаң болып табылады және жыл сайын дәрігерлерді, фармацевтерді, әртүрлі елдердің үкімет және бизнес өкілдерін біріктіреді.  Мектепте оқу 31 мамырда аяқталады Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылғы жылдан бастап 31 мамыр оқу жылының соңғы күні болады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларының емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.  Мамырда ауа райы құбылмалы болады Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде ауа температурасы +20+28°С, оңтүстігінде +33°С көрсетеді. Солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Кейіннен осындай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында да болуы ықтимал. «Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуымен ауа райының тұрақсыз сипаты және ауа температурасының ауытқуы болжанады. Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен жаңбырлар болжанады, аптап ыстықтың күндіз +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтеді 31 мамыр күні – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында республика бойынша еске алу шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырылып, телеарналарда Алаш қайраткерлерінің мұрасы дәріптеледі. Ақпараттық жұмыс аясында мемлекеттік телеарналарда тақырыптық сериалдар мен деректі фильмдер көрсетіледі.  Оның ішінде «Алаш» қозғалысына арналған бағдарламалар мен деректі фильмдер әзірленуде. Сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің мұрасын жастарымызға жеткізу мақсатында 2023 жылы жалпы білім беру мектептерінде арнайы сынып сағаттары өткізілетін болады. Осындай шаралар жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жоспарланған.              

Апта талқысында: