logo
search
menu

Абай облысынан көне құран кітабы табылды

Абай облысынан көне құран кітабы табылды
1 мамыр, 2023
Абай облысынан көне құран кітабы табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Абай облысының Бесқарағай ауданының Қоянбай ауылының тұрғындары жер астынан көне құран кітабын тауып алды, - деп хабарлайды Taulik.kz «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. Олар үй ауласында шарбақ орнату үшін шұңқыр қазғанда көне жәдігердің үстінен дөп түскен. Құранның біраз бөлігі күрек тиіп бүлінген. Ал қалғанын тұтас күйінде аршып алған. Кітаптың қай ғасырға тиесілі екені әзірге белгісіз. Бірақ, әбден ескірген беттерінен жазулар анық көрінеді. Тапқандар оны енді зерттеу үшін мамандарға беруге дайын. Жәдігер шыққан маңда ертеде мешіт болған деген болжам бар. Ауыл тұрғындары болса жер астына өзге де құнды заттар жасырылған болуы мүмкін дейді.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы