logo
search
menu
Бұқтырма су қоймасына 19 млн балық жіберілді
ашық дереккөзі

Бұқтырма су қоймасына 19 млн балық жіберілді

Бұқтырма су қоймасына 19 млн балық жіберілді Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚазАқпарат жазуынша, ШҚО өңірлерінде су айдындарын балықтандыру шаралары жүргізіліп жатыр. «Балық шаруашылығын дамыту мақсатында іске асырылатын жұмыстардың бірі – жыл сайын су айдындарын балықтандырып отыру. Балық саны азайып кеткен өзен-суларға уақтылы шабақ жіберіліп отырылуы тиіс. Оны осы саладағы кәсіпорындар жүргізіп отырады. Одан бөлек, мемлекет қаражатына да балықтандыру жұмыстары жүргізіледі», - делінген ақпаратта. Өңірдегі бұл жұмыстар 15 сәуірде басталған. Бүгінгі таңда Бұқтырма су қоймасына 19 млн-ға жуық шабақ жіберілді. Балық ресурстарын молықтыру және сақтау мақсатындағы бұл шаралар мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.