logo
search
menu
Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды
ашық дереккөзі

Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды

Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (12-2, 12 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Taulik.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Ол Ыстанбұлдағы (Түркия) бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) кездесті. Крузервейттегі WBC «Таяу шығыс» (WBC Middle East) чемпиондық белбеуі бәске қойылды. Айқаста Қожамбердиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Еділдің 2021 жылғы желтоқсаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде Еділ түрік Хамза Гюнешті (6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңіп, бос тұрған бірінші ауыр салмақтағы UBO Intercontinental белбеуін иеленген еді.