logo
search
menu

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өлімі: қылмыстық іс жабылды

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өлімі: қылмыстық іс жабылды
1 мамыр, 2023
Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өлімі: қылмыстық іс жабылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің мәлімдеуінше, полицейлер жаңадан сайланған депутаттың өлімінен қылмыс белгілерін таппаған, деп жазады Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 14 қаңтарда өткен парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысынан депутат болып сайланды. Сонымен қатар ол әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болды. 27 қаңтарда 45 жасында Гүлмира Кәрімова дүниеден өтті. Өлімнен кейін бірден парламент өлімнің алдын ала себебі анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасады. Бірақ кейін елорданың денсаулық сақтау басқармасынан өлім инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми хабарлама келді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы