Мәзір
4 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

ДДСҰ бас директоры немересі үшін қазақ тілін үйренетінін айтты

ДДСҰ бас директоры немересі үшін қазақ тілін үйренетінін айтты

ДДСҰ бас директоры немересі үшін қазақ тілін үйренетінін айтты ДДСҰ бас директоры немересі үшін қазақ тілін үйренетінін айтты
ашық дереккөзі

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус немересімен сөйлесу үшін қазақ тілін үйренетінін айтты. Бұл туралы ол Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтып қалды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Мен осыған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. 2017-2018 жылдары қазақтармен туыс емес едім. 2017 жылы қазақ отбасына құда болдым. Мен өте қуаныштымын. Бұл елде менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Ол – белгілі айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның күйеу баласы. Бұл – мен үшін мақтаныш. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан мен немерем үшін қазақ тілін үйренемін», –  деді ол.

Апта талқысында: