19 жастағы жігіт бір соққыдан қайтыс болды
Жанжал шығып, 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен бір ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деді қалалық Полиция департаментінің өкілдері «Вечерняя Караганда» басылымына.