Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
1 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Желіде баланы отбасынан күштеп тартып әкеткен видео тарады

Желіде баланы отбасынан күштеп тартып әкеткен видео тарады

Желіде баланы отбасынан күштеп тартып әкеткен видео тарады
ашық дереккөзі
Германияда полицейлер мұсылман отбасыдан баласын күштеп алып кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz. Оқиға Бремерхафен қаласында болған. Полиция мен балаларды қорғау ұйымының қызметкерлері үйге басып кіріп, кішкентай баланың көз жасы мен жалынғанына қарамастан алып кеткен. Белгілі болғандай, баланың мектебі балаларды қорғау ұйымына ата-анасы балаға «трансгендерлер мен ЛГБТ адамдар исламмен үйлеспейді» деп үйреткенін мәлімдеген. Ал ұйым бұл туралы түсініктеме беруден бас тартты. Баланы күштеп алып кеткені туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Оқырмандар балаларды қорғау ұйымының қызметкерлері мен полицияның адамгершілікке жатпайтын әрекеттері иммигрант отбасын кемсіту деп санап, жауапкершілікке тартылу керектігін талап етуде.