logo
search
menu

Газ өңдеу зауытынан өрт шығып, жұмысшылар күйіп қалды

Газ өңдеу зауытынан өрт шығып, жұмысшылар күйіп қалды
2 мамыр, 2023
Газ өңдеу зауытынан өрт шығып, жұмысшылар күйіп қалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбе облысында газ өңдеу зауыты өртеніп, 4 жұмысшы күйіп қалды, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан шыққан өртпен өрт сөндіру қызметкерлері 15 сағат бойы арпалысты. 1 мамыр сағат 15:55 шамасында 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнынан хабар түскен. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртеніп жатқаны айтылған. Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.
    “Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталады”, – делінген әкімдік хабарламасында.
    Тілсіз жау 20:35-те оқшауланып, 2 мамыр 06:20да толық сөндірілді.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы