logo
search
menu

Астанада терезе жуушы 7-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада терезе жуушы 7-қабаттан құлап, көз жұмды
2 мамыр, 2023
Астанада терезе жуушы 7-қабаттан құлап, көз жұмды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада 35 жастағы ер адам 7-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz. 1 мамыр күні сағат 17.33-те «103» қызметінен 9 қабатты тұрғын үй кешенінде терезелерді жуып жатқан ер адамның құлағаны туралы хабар келген.
    «1988 жылы туған ер адамның альпинистік жабдығы үзіліп кеткен және 7-қабаттан құлаған. Алған жарақаты салдарынан ол сол жерде көз жұмды. Жыл сайын күннің жылынуымен балалардың да, ересектердің де терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің немқұрайлылығынан және терезелерді жуу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағандықтан болады», - деп хабарлады Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
    Елордадық Төтенше жағдайлар департаменті терезе жууда қауіпсіздік ережесін сақтауды еске салады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы