Семейде облыс тарихында бұрын-соңды болмаған бәйге өтті. Жүлде қоры 50 миллион теңгені құрады, - деп хабарлайды Taulik.kz.
Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері Әйкел Жақыптың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған дүбірлі додаға Қырғызстан мен Ресейден 300-ге жуық шабандоз қатысты. Алты шақырымдық құнан бәйгеге "Нива", 7 шақырымдық жорға жарысына – "Chevrolet Cobalt", 10 шақырымға – "Hyundai Accent", ал 25 шақырымдық аламан бәйгеге "Mitsubishi L 200" маркалы көлік тігілді.
Жарыс соңында көкпар да берілді. Салым жүлдесі 3 миллион теңге болды. 15 мыңға жуық көрермен тамашалаған ат жарысының ең басты сыйлығы "Mitsubishi L200" көлігін Алматы облысынан келген 8 жастағы шабондоз Хамза Марғұланұлы (тұлпарының аты - Жұмыртұяқ) иеленді. Бәйгеге Қазақстанның Халық Әртісі Роза Рымбаева келіп, әннен шашу шашқан.